ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы ХҚО-на тікелей қосылуды қарастырады

Енді Мемлекеттік басқару Академиясы халыққа қызмет көрсету орталықтарына қосыла алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ректоры Фатима Жақыпова айтты.

«Цифрлық Академия» мемлекеттік бағдарламасы аясында алынған құралдар арқылы және қызметтің редизайны нәтижесінде тыңдаушылар тәжірибелік кейстерді қарай алады, яғни, қайда, қандай жағдайда, азаматтардың құқығы бұзылған жағдайларды, сонымен қатар сапасыз мемлекеттік қызмет жағдайларын көре алады», – деп сендіреді Фатима Жақыпова.

«Жоба «Цифрлық Академия» деп аталады. Ол мемлекеттік қызметшілердің  IT-әлеуетін арттыруға бағытталған. 2018 жылдың барысында іске асырылатын болады және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобаларының біріне жатады екен. Спикердің мәлімдеуінше, бұл жұмыс ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірге жасалынған және редизайны биылғы жылы аяқталады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика