ҚР Ұлттық музейінде «Жапонияның 100 заманауи дизайны» атты көрме ашылады

2017 жылғы 15 қыркүйек, сағат 16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Жапонияның 100 заманауи дизайны» атты көрме ашылады. Іс-шараны Жапония елшілігі мен Жапония қоры ҚР Ұлттық музейімен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Көрмеде адамдардың күнделікті өмірде қолданатын 100 түпнұсқа тұрмыстық және интерьер бұйымдары ұсынылады.

Көрменің негізгі бөлігі 2010 жылдан кейін жасалған 89 экспонаттан тұрады. Сондай-ақ, жапон дизайнының негізіне айналған соғыстан кейінгі заманауи 11 дизайн көрмеге қойылады.

Шараның ашылу салтанатына Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата мен өзге де шетелдік қонақтар және Қазақстанның қоғам қайраткерлері қатысады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика