ҚР ІІМ ТЖ комитетінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қорытындысы шығарылды

2017 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің қатысуымен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қорытындысын шығару бойынша іс-шара өтті.

Үш ай бойы көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге еліміздің әртүрлі өңірінен жеке құрамнан 300-ден астам адам және 36 бірлік техника келді, олар өздерінің тұрақты жұмыс орындарына оралады. Бұл Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары ТЖ департаменттерінің, Республикалық, Орталық, Шығыс, Солтүстік аэроұтқыр жедел-құтқару жасақтарының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары, облыстар ТЖ департаменттерінің инженерлік-инспекторлық құрамы, облыстар ТЖ департаменттерінің және Апаттар медицинасы орталығының психологтары, сондай-ақ медициналық бригадалары, Көкшетау техникалық институтының курсанттары және «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштар құрамы.

Халықаралық көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ҚР ІІМ ТЖ комитетінің жеке құрамынан барлығы 1285 адам және 115 бірлік техника, 5 тікұшақ жұмылдырылды.

93 күн бойы Астанада көрме мен астананың аумағында күштік құрылымдардың, оның ішінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде тәулік бойы кезекшілік өткерді. Іс-шараның ауқымдылығын ескере келе, Мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері келген кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жалпы Ішкі істер министрлігінің әртүрлі ішкі ведомстволық қызметтерінен келген 9 мыңға тарта қызметкер жұмылдырылды, олардың ішінде бір мыңнан астам адам өрт-құтқару қызметтерінің қызметкерлері,- деп Юрий Ильин өз сөзінде атап өтті.

Бұдан әрі ҚР ІІМ ТЖ комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті. Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оның өтуі кезеңінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті жоғары деңгейде қамтамасыз еткендері үшін ҚР ІІМ ТЖ комитетінің 175-тен астам қызметкері марапатталды.

 

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика