QazaqGeography мүшесі бол

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақ ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 2016 жылғы қызмет қорытындысына және 2017 жылдың жоспарларына арналған пресс-конференция өтті.

Спикерлер бойынша 11 өкілдігі барын және 5 тақырыптық бағыт бойынша экспедиция жасайтындарына тоқталды. Олар, «География, климат», «Қоршаған орта, табиғи ресурстар», «Биоалуантүрлілік», «Туризм, саяхат, өлкетану», «Тарихи-мәдени мұра, этнография».

«Киелі Қазақстан» экспедициясының жетекшісі Жанат Айтхожиннің айтуынша қоғам мүшесі болу оңай. Ол үшін qazaqgeography.kz сайтына тіркеліп, бір жыл үшін 2000 теңге, ал студенттер мен зейнеткерлер 500 теңге төлесе болғаны.

«Қоғамдық бірлестік болғандықтан қызметіміздің басты максаты – ағартушылық және білімді кеңейту. Сондықтан біздің іс-шараларға қатысу көбінен ақысыз немесе төлемі минималды болып келеді. Мүшелік қоғам қызметінің басым бағыттарына сәйкес өзініздің жоба өтінімдеріңізді жіберуіңізге мүмкіндік береді. Жоба іріктеуден өтіп бекітілген жағдайда QazaqGeography есебінен жүзеге асырылады, сондай-ақ қоғам мүшесі QazaqGeography  өткізетін жобаларға және экспедицияларға қатысу мүмкіндігін береді»,- деді ол.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Яндекс.Метрика