ПРЕСС-АНОНС 29 мамыр күні сағат 15:30-да

29 мамыр күні сағат 15:30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Еуразия» кинофестивалінің президенті, «Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры» ММ ректоры Айман Мұсақожаеваның  қатысуымен баспасөз конференция өтеді.

Тақырыбы: «Қазақстандық делегацияның 70-ші Канн халықаралық кинофестиваліне деген сапарының қорытындысы және Қазақстанның ұлттық павильонының ашылуы».

Шараға Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдары академиясының  президенті Рашид Нұғманов пен Қазақ ұлттық өнер университеті «Театр, кино және тв» факультетінің деканы Сәулебек Асылхан қатысады.

БАҚ өкілдерін аккредитациядан өткізу және басқа да мәселелер бойынша. +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекен-жайына хабарласуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Яндекс.Метрика