ПРЕСС-АНОНС 31 қазан күні сағат 12:20-да

31 қазан күні сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде латын қарпіндегі Қазақ  әліпбиін  кезең-кезеңмен енгізуге арналған баспасөз конференция өтеді.

Баспасөз конференция жұмысына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАММЕДИҰЛЫ, Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ және А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиінің авторы Ерден ҚАЖЫБЕК қатысады.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефонына немесе sck.astana@gmail.com электронды мекен-жайына 2017 ж. 31 қазан күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика