ПРЕСС-АНОНС 29 қыркүйек сағат 16:20-да

29 қыркүйек сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде үстел теннисінен өтетін «Грандфинал 2017» Халықаралық турниріне арналған баспасөз конференция болады.  Үстел теннисінің тарихындағы тұңғыш шара қашан және қалай өтеді? Үстел теннисінен Қазақстан құрама командасының дайындығы қандай? Бұл сұрақтарға ҚР Үстел теннисі федерациясының бас директоры Серік ҚАСҚАБАСОВ және ұйымдастыру комитетінің мүшесі Бақытбек ХАМИТ жауап береді.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша. +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com  электронды мекенжайы бойынша 2017 жылғы   29 қыркүйек күні сағат 14:00-ге дейін хабарласуға болады.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика