ПРЕСС-АНОНС 26 тамыз күні сағат 11:30-да

26 тамыз күні сағат 11:30-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫНЫҢ қатысуымен баспасөз конференция өтеді.

Тақырыбы: «Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Халықаралық Астана марафоны».

27 тамыз күні сагат 07.30-да «Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Халықаралық Астана марафоны» басталады. Халықаралық марафонды үстіміздегі жылы 25 жыл толатын Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңестің форумымен бірге өткізу туралы шешім қабылданды. Шараны ұйымдастырушылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы және Юньнань «ШАНХЭ» мәдениет және спорт компаниясы.
Сондай-ақ, баспасөз конференцияның жұмысына Шанхай ынтымақтастық ұйымының төрағасы РАШИД ӘЛІМОВ, Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңестің атқарушы директоры ГУН ЦЗЯНЬВЕЙ және ҚР Жеңіл атлетика Федерациясының бірінші вице-президенті Эльдар ТАБАНОВ қатысады.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау және басқа да сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе coordinator.sck@gmail.com электронды мекен-жайына 2017 жылғы
26 тамыз күні сағат 10:30-ге дейін хабарласуға болады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика