ПРЕСС-АНОНС 24 қазанда

24 қазанда сағат  10.00 – 17.00 аралығында Орталық коммуникациялар қызметінде (Астана қ-сы. Д.Қонаев көшесі, 4 үй, “Қазмедиа орталығы”, 12 қабат) вайнерлер мен пресс-хатшыларға арналған «Инстаграм және YouTube-та контент жасау арқылы Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуы туралы халықты кеңінен ақпараттандыруды арттыру» атты семинар-тренинг өтеді.

Шара ұйымдастырушысы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» гранты аясында «Активная молодежь» ЖҚБ-і болып табылады, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен өтеді.

Қазақстандағы жастар саясаты  деген не? Мемлекеттік  бағдарламалар,  бастамалар,  мүмкіндіктер. Жастар саясатының  проблемалары  қалай  ашылады? Жастар саясатының  негізгі  құқықтары және т.б.  Осы  және басқа да сұрақтарға   «Құқықтық  медиацентр» ҚҚ директоры,  журналист  Диана Окремова  және   заңгер Гульмира Биржанова  жауап береді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика