ПРЕСС-АНОНС 23 қазан күні сағат 15:00-де

23 қазан күні сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Ғылым қоры» өкілдерінің қатысуымен  баспасөз конференция өтеді.

Баспасөз конференция барысында ҚР «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау туралы» Заңының іске асырылуы аясындағы Министрлік жұмысының қорытындысы және Дүниежүзілік Банк пен «Ғылым қоры» АҚ бағыты бойынша коммерциялау жобаларын гранттық  қаржыландыруға арналған конкурстардың нәтижелері  ұсынылады.

Баспасөз конференцияға ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек ӘБДІРӘСІЛОВ, «Ғылым қоры» АҚ Президенті Әнуарбек СҰЛТАНҒАЗИН,  «Ғылым қоры» АҚ вице-президенті Бауыржан ЖҰМАҒАЛИЕВ, «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару Тобының директоры Данияр ДОСҚАЛИЕВ және «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару Тобының аға менеджері Бауыржан ЕРЕШЕВ қатысады.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-38 телефонына немесе sck.astana@gmail.com   электронды мекен-жайына 2017 жылғы 23 қазан сағат 14:00-ге дейін хабарласуға болады.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика