ПРЕСС-АНОНС 2017 жылғы 14 қыркүйекте сағат 15:00-де

2017 жылғы 14 қыркүйекте сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінің «Шыңтөбе» дискуссиялық алаңында «Үкіметтік емес сектор: заманауи үдерістер мен дамудың жаңа басымдықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Негізгі спикерлер ретінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, «Аймақ» ҚҚ басшысы Ә.Соловьева, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті З.Батталова және «Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» ҚБ директоры Д.Асанова сөз сөйлейді.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелдің жұмысына  Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының бас директоры Т.Үмбеталиева, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Р.Ошақбаев, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» ҚҚ директоры Меруерт Махмутова, «Десента» ҚҚ директоры Сергей Гуляев және т.б. сарапшылар қатысады.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау және өзге сұрақтар бойынша байланыс телефоны _____ бойынша немесе электрондық мекен-жай арқылы _____ 2017 жылғы 14 қыркүйек сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика