ПРЕСС-АНОНС 13 қазанда сағат  10.00-16.00

13 қазанда сағат  10.00-16.00 аралығында Орталық коммуникациялар қызметінде (Астана қ-сы. Д.Қонаев көшесі, 4 үй, «Қазмедиа орталығы», 12 қабат) вайнерлер мен баспасөз хатшыларына арналған «Жастардың Мемлекеттік саясаты туралы Инстаграм және YouTube арқылы халықты ақпараттандыруды арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өтеді.

Ұйымдастырушылар: «ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі» ММ қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» гранты аясында «Белсенді жастар» ЖҚБ мен ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметі.

Инстаграм және YouTube желісіндегі вирусты контент қалай дайындалады? Вайнды қалай бейнеге түсіру керек? Бейнеблогердың негізгі ұстанымдары. Әлеуметтік жауапкершілік және жастар саясаты. Осы және басқа да сұрақтарға қазақстандық танымал вайнер, @JOKEASSES вайнерлер құрамасының жетекшісі БЕКСҰЛТАН ҚАЗЫБЕК және Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің өкілдері жауап береді. Қатысушыларға семинар барысында сценарий жазып, жастар саясатының кез келген өзекті тақырыбына вайн түсіру тапсырмасы беріледі.

БАҚ аккредитациясы +7 (7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекен-жайы бойынша 2017 ж. 13 қазан сағат 11:00-ге дейін.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика