ПРЕСС-АНОНС 12 МАУСЫМ КҮНІ САҒАТ 15:30-ДА

12 маусым күні сағат 15:30-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында  Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫНЫҢ қатысуымен баспасөз конференция өтеді.

Тақырыбы: ЭКСПО аясындағы «Халықаралық көркемөнер көрмесі: «Шамбаланы іздеу жолында: Николай Рерихтың Нью-Йорк мұражайындағы үздік туындылар» және «АҚШ-тың жеке коллекциясындағы орыс өнерінің үздік туындылары».

Сондай-ақ баспасөз конференцияның жұмысына Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, көрменің көркемдік жетекшісі Андрей ХАЗБУЛАТОВ, «SonMar Group» американдық компаниясының және орыс-американ мәдениет  қорының президенті Марина КОВАЛЕВ, «SonMar Group» американдық компаниясының вице-президенті Соня БЕККЕРМАН қатысады.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу және басқа да сұрақтар туралы  +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы не sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2017 жылғы 12 маусым сағат 14:00-ге дейін хабарласуға болады.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика