Отандық компаниялар ірі жобаларға ат салысуда

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан экономикасындағы ең өзекті тақырып – мұнай-газ жобаларының іске асырылуы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында Қазақстан мұнай-сервис компаниялар Одағының Төралқа Төрағасы Рашид Жақсылықов атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

«Осыдан 7-8 ай бұрын сіздермен жолыққанымызда біз батыс өңіріміздегі мұнай-газ саласында болып жатқан өзгерістер жөнінде және болашақта іске асатын жобалар жөнінде баяндаған болатынбыз. Сол кезде мақсатымыз неғұрлым қазақстандық негізді нығайту және отандық компаниялардың сол жобаларға ат салысып, басты рөлде ойнауына ықпал етеміз дегенбіз. Иә бүгінгі таңда үлкен ТШО компаниясының үшінші зауыт жұмысын толық қанды бастады. Алғашқы үлкен төрт тендер ойнатылды. Оның екуінің жеңімпазы белгілі болды. Қалған екеуі мамыр айына қалып отыр. Мақтанышпен айтатын тағы бір жайт, өздеріңізге белгілі ірі жобаларға біздің отандық компаниялар үш себеппен қатыса алмайтыны. Себебі, бірінішіден лоттар өте үлкен. Миллиард доллар төңірегінде. Тендер талабы бойынша сол сумманың 30 пайызын кепілдік беру керек. Ондай кепілдік бере қоятын біздің компаниялардың қаржылай мүмкіндігі жоқ болғандықтан біз шетелдік компаниялармен консорциум құру бағытын қолға алғанбыз. Сол консорциумдардың ішінде «Асар» деген консорциум төрт жобаның біреуін ұтып алды. Бұл Қазақстанның және отандық компаниялардың жеңісі деп бағалауға болады. Және де зауыт салынып біткеннен кейін оны іске қосу процесі жүреді. Бұл жерде де қазіргі таңда ағылшын компаниясымен қазақстандық компаниялардың басын қосып, «Мұра» деген үлкен консорциум құру жұмысын бастап кеттік. Бұл жұмыс екі жылдан кейін іске қосылады. Жақын арада батыс өңірімізде 45 миллиард АҚШ доллары тұратын үлкен жобалар жұмысы басталады», – деді спикер.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика