Отандық дизайнерлер Миланда өтетін сән көрсетіліміне барады

Орталық коммуникаиялар қызметінде отандық дизайнерлер қатысатын Милан қаласындағы сән көрсетіліміне арналған баспасөз конференциясы өтті.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, этнолог, дизайнер Ханум Айдаштың айтуы бойынша, бұл сапар халықаралық «Сән мен Сахна» фестивалінің жеңімпаздары үшін үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

«Жыл сайын біздің фестиваль өз жеңімпаздарын Италияда таныстырады. Бұдан бөлек Отандық дизайнерлерге Әзірбайжан, Баку қаласы және Түркиядағы Ескишехир қаласына баруға мүмкіндік берген болатынбыз. Елордамыз Астана қаласының онжылдығында құрылған  Халықаралық «Сән мен Сахна» фестивальдің  биыл ауқымды мерейтойын атап өтуді жоспарлап отырмыз», – деп  атап өтті фестивальдің бас директоры.

Жоба жетекшісі Мереке Нұрмұханова: «Біз жас дизайнерлер арасында байқау өткізу мақсатында 5 жыл қатарынан еліміздің барлық аймақтарын қамтып отырмыз. Біздің фестиваль жас дизайнер үшін үлкен бастама. Бұл жерде модельер қарапайым ательеден бастап халықаралық, жоғары дәрежедегі дизайнерге дейін өсуге мүмкіндік ала алады. Нәтижелі 10 жыл жұмыстың арқасында фестиваль 50-ден астам Қазақстандық жас дизайнерлерге бастама бере алды, еліміздің эстарада мен кино индустриясы, Отандық телеарналар үшін 20-дан астам имиджмейкер дайындады», – деді спикер.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика