Қоғамдық кеңес 2016-2017 жылдары 18 мониторинг жүргізді

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмысының қорытындыларына арналған баспасөз маслихат өтті. Іс-шараға ҚР ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов қатысты, деп хабарлайды ortcom.kz

Кеңестің жанында екі комиссия құрылды: бірі – заң шығару қызметі мәселелері бойынша, бұл комиссия ІІМ әзірлейтін азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды, екінші комиссия азаматтардың арыздарын және полиция жұмысының ашықтығын қарастырады.  Қоғамдық кеңес Заңда көзделген қоғамдық бақылаудың 4 нысанын белсенді іске асырады: қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама, мемлекеттік органның есебін тыңдау. Қоғамдық мониторинг аумақтық органдардың қызметін жан-жақты зерделеу үшін өңірлерге шығу және құқықтық насихат жүргізу арқылы жүзеге асырылады.  2016-2017 жылдары 18 мониторинг жүргізілді, яғни Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарының, Алматы қаласының ІІД мен ЖПҚ (жергілікті полиция қызметі)  жұмыстары сараланды», – деп атап өтті ҚР ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов.

Айта кететін тағы бір жайт, «Қоғамдық кеңес туралы» Заңға сәйкес 2016 жылы ІІМ-де ішкі істер органдарының қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына 18 мүше кірді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика