«Назарбаев Университеті базасында Astana Business Campus Инновациялық кластері құрылды

Орталық коммуникациялар қызметінде «Назарбаев Университеті» ДБҰ Инновациялар және ғылым жөніндегі вице-президенті Қанат Әбдуәлиұлы Байғариннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Спикердің сөзінше Университет өзінің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда. «Назарбаев Университеті базасында Astana Business Campus Инновациялық кластері құрылды, ол «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 63-ші қадамына сәйкес еліміздің ғылымды қажетсінетін экономикасын қалыптастыруға негіз болады» деді Қанат Байғарин.
«Назарбаев Университеті» ДБҰ Инновациялар және ғылым жөніндегі вице-президенті Қанат Әбдуәлиұлы Инновациялық кластердің мақсатына тоқталып өтті. «Ол озық технологиялар мен жобаларды трансферттеу және коммерцияландыру үшін ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет субъектілерін біріктіру, сондай-ақ Қазақстанда инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін алаңдар құру болып табылады» деді спикер.
Қанат Байғариннің мәліметінше бүгінгі таңда Astana Business Campus Инновациялық кластерінің базасында Коммерцияландыру офисін, Технопаркті және Бизнес Инкубаторды қамтитын жобаларды коммерцияландыру жүйесі құрылды. «Осы жүйе инновациялық жобаларды іске асыруға және нарыққа шығу жолын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Назарбаев Университеті» ДБҰ Инновациялар және ғылым жөніндегі вице-президенті Қанат Байғарин.
«Назарбаев Университі» ДБҰ Инновацияларды дамыту департаментінің аға менеджері Дамель Мектепбаева Astana Business Campus Ғылым паркі құрамдас элементтерінің бірі болып табылатын Биомедициналық кластер туралы айтып берді. «Биомедициналық кластер зияткерлік, қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану есебінен биомедициналық зерттеулерді коммерцияландыру мен жоғары технологиялы бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған инновациялық экожүйе болып табылады» деді спикер.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика