Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті

Мемлекеттер басшылары кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, оны әрі қарай дамытудың перспективаларын қарастырды, хабарлайды Ақорда.

– Біздің өңіраралық ынтымақтастығымыз – қиындықтарға қарамастан ілгерілеп келе жатқан экономикалық өзара іс-қимылымыздың негізі. Соңғы 9 айда елдеріміз арасындағы тауар айналымы 31 пайызға өсті. Біздің әр кездесуіміз – жаңа белес, онда ауқымды міндеттер шешіледі. Бүгінгі кездесуіміз де мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды рөл атқарады, – деді Қазақстан Президенті.

Владимир Путин Қазақстан Президентінің өңіраралық форумды өткізу жөніндегі бастамасының табысты болғанын атап өтіп, екі елдің осы форматтағы ынтымақтастығының тиімділігі жоғары екенін айтты.

 

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика