Ақмола облысында 14 млрд теңгенің 26 нысаны салынуда

Осы және өзге де облысқа қатысты атқарылып жатқан істер жайында Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтып берді, – деп қабарлайды Ortcom.kz сайты.

Өңірде сапалы және қолжетімді медицина саласына баса назар аударылып отыр. Биылдың өзінде облысқа 214 медицина саласының қызметкері тартылды. Олардың 91-і дәрігер. Көкшетау қаласында жоғары дәрежелі медицина қызметкерлері үшін облыстық бюджет есебінен 20 пәтер сатып алынды.

Медициналық кластерді белсенді дамыту мақсатында бұл салаға мемлекеттік жеке әріптестік механизмдері қолданылуда. Облыстағы медициналық мекемелерде Германия, Оңтүстік Корея, Австрия, Түркия елдері өндірушілерінің инновациялық жабдықтары сатып алынып, инновациялық технологиямен емдеу ісі жалғасуда.

Жалпы аймақта денсаулық сақтау саласын дамыту үшін жеке меншік әріптестік механизмі арқылы 14 млрд теңгенің 26 нысаны салынуда, – деп тоқтала кетті Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика