Мемлекетті басқару Академиясында «Киберқауіпсіздік» курсы оқытылады

ҚР Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы барысында айтылған мемлекеттік басқару мәселесіне қатысты шаралар туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова айтып өтті.

Фатима Жақыпова бүгінде білім берудегі маңызды мәселе деп оқудың тәжірибелік-бағдарлауын атады. «IT-технологияны, цифрландыруды қазір қандай амал арқылы түсіндіреміз? Егер кей жағдайда мемлекеттік қызметшілерді дәстүрлі түрде қағаз арқылы оқытқан болсақ?! Әрине, елдің көптеген жоғары оқу орындарындағыдай бізде де жүйе бар. Қазір Академияда 5 жыл бұрын орнатылған «Платонус» бойынша оқытамыз», – деді ол.

Ректорының айтуынша, «Үлкен деректермен жұмыс» курсынан өзге Академияда «Киберқауіпсіздік» оқытыла бастады. Академия swot-analiz арқылы барлық процестердің реинжинирингі қажет екеніне көз жеткізді.  «Академияның бюджеттік мүмкіндіктерін ескере келе, оның үстіне 2017 жылы бюджетті ұлғайттық. Өз жұмысымызда біз қазір түгелімен электрондыға көшіп жатырмыз», – деді Фатима Жакыпова.

Цифрландыру күнделікті құжат алмасумен қатар, білім беру, білім алушылардың академиялық қызметінің мониторингіне де сіңді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика