Мектептер өздері таңдайтын бірнеше оқу жоспарын ұсынатын боламыз

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында Білім және ғылым саласын дамуына ерекше мән беріліп, білім саласының қызметкерлерінің алдына үлкен мақсаттар қойылды. Осы жолдауда қоғамымыздың өзекті ата-аналар көтеріп жүрген көп мәселердің беті ашылып, біраз сұрақтарға жауап беріліп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Бүгін мен сіздерге қысқаша ең басты мәселелерге тоқталып өтпекпін. Мектеп жасындағы балаларды ерте жастан дамыту бойынша біздің алдымызға үлкен міндет қойылып отыр. Бұл мәселені ата-аналарда көтеріп жүрген. Осы мәселе бойынша біз тиісті оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізуіміз керек. Және де, ерте оқу, ерте жазу, жан-жақты дамыту бойынша талаптарды күшейтеміз. Ол үшін әрине біз мұғалімдердің санаттарын арттырып, біліктілігі мен білімділігіг шыңдауға жұмыс жасауымыз керек. Оқу әдістемелік базасын жаңғыртуымыз қажет. Осы тұрғыда жұмыстарды министрлік бастап кетті. Келесі бір мәселе оқушылардың оқу жүктемесін азайту. Бұл мәселеде күзден бастап өте қатты талқыланған тақырыптардың бірі болды. Ата-аналар тарапынан біздің министрліктің мекен-жайына көптеген хаттар келіп түсті. Елбасының биылғы Жолдауын да да бұл мәселе қозғалды. Министрліктің алдына, жалпы білім саласынаң алдына бірқатар мақсат-міндеттер қойылып отыр. Шынында да жүктеме өте көп. Басқа мемлекеттермен салыстырған да, ТМД елдері болсын қай-қайсымен салыстырсақта Қазақстанның мектептерінің оқу жүктемесі өте үлкен. Сондықтан да бүгінгі таңда қысқарту жұмысы бойынша біраз жолдар қарастырылып, қазір шешім қабылдауға дайындап жатырмыз. Біз оқу жүктемесін қысқартқанда ең бірінші эксперттермен, педагогтармен, ата-аналармен келісіп, ақылдасып содан кейін ғана шешім шығаратын боламыз. Бұл бір жақтан қабылданатын мәселе емес. Сондықтан осындай тәртіппен шешім қабылданатын болады. Біз ойластырып жатқан тағы бір мәселе бар. Бұл мектептер өздері таңдайтын бірнеше оқу жоспарын ұсынатын боламыз. Өздеріңіз білесіздер біздің мемлекетімізде әртүрлі мектептің типтері бар. Ол жаңағы гимназия, лицей, өнер мектептері болсын бүгіні күні осы барлық білім ордаларына бір ғана типтік жоспар бар. Сондықтан типтік жоспарлардың өзін әртүрлі қылып, әр мектеп өздері ата-аналармен, қамқоршылар кеңесімен бірігіп шешім қабылдайтындай жағдай жасаймыз деп дайындалып жатырмыз. Келесі мәселе ол мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыруды жаңарту бойынша. Немесе жаңа аттестациялау жүйесі. Бұл мәселе бойынша бұған дейінгі мұғалімдердің категориялары да, үстемақылары да сақталады»,-деді ол

Comments are closed.

Яндекс.Метрика