Малайзия Павильоны 10 маусым күні ашылады

Орталық коммуникациялар қызметінде Малайзия Энергетика, Жасыл Технологиялар және Су ресурстар министрлігінің Бас Хатшысы, Малайзия павильонының комиссары Зайни Уджангтың қатысуымен «Малайзия елінің ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы» тақырыбында баспасөз конференция өтті. Малайзия жасыл экономиканың өсуі бойынша дамып келе жатқан нарықтардың көшбасшысы ретінде өз мүмкіндіктерін көрсетуге ниетті және «ЭКСПО-2017» Малайзия Павильонының ресми ашылуына шақырды.

Спикердің сөзінше павильонның ресми ашылуы 10 маусым күні өтеді. «Малайзияның 150-ден астам делегация мүшелері, олардың ішінде 62 спикер және 94 ұйым, жасыл энергетиканың дамуына үлес қосатын озық технологияларды көрсетеді. Малайзия дүние жүзінің 100 озық ұлттарының ішінде ең ірі орман алқабы бар ел. Жасыл технологияларды дамытуға ұмтылу біздің ұлттық болмысымыздың бөлігі және де біз Малайзия сияқты дамып келе жатқан нарықтар жасыл экономиканың көшбасшысы бола алатынын барша әлемге дәлелдеуге ниеттіміз», – деді комиссар.

Зайни Уджанг Малайзия Павильоны жасыл болашақ бағытында әрекеттенуге  шабыттандыратынына толық сенімді. «Біз барша әлемді Малайзиямен бірге жасыл экономиканы құруға шақырамыз», – деп комиссар өз сөзін толықтырды.

Малайзия Павильоны ауданы жағынан ең ірі павильондардың бірі (732 шаршы метр) және орналасқан жері бойынша қолайлы. Ол Үндістан мен Қытай елдері павильондарының отасында орналасып, екі ел арасындағы байланыстырушы көпір қызметін атқарып, өзін Азияның дамуындағы алар орнын көрсетпек.

Өз сөзінде доктор Зайни Уджанг, көрмеге дайын екендіктерін жеткізді. «Малайзия халықаралық көрмеге дайын. Бірнеше ай бойы атқарылған қарқынды жоспарлау мен дайындықтан кейін Малайзияның жасыл технологияларының мүмкіндіктерін көрсету үшін малайзиялық павильон әлемге өз есігін ашады. Біз жасыл экономикаға қызығушылық танытатын барлық адамдарды «ЭКСПО-2017» аясында Малайзия Павильонын тамашалауға шақырамыз. Малайзия бүкіл әлемді жасыл экономиканы дамыту ушін ынталандыруға ат салысады және алдағы 13 апта бойы біз осымен айналысатын боламыз», – деді Малайзия павильонының комиссары Зайни Уджанг.

Спикердің айтуынша Малайзия Павильоны жасыл экономика дамуындағы елдің жетістіктерін көрсететін және қызығушылық танытқан елдердің іскерлік ортасымен байланыс орнату алаңы болады. Сонымен қатар, қонақтар Малайзияның мәдениеті және елдің туристік көрікті жерлерімен жақынырақ таныса алады. «Малайзия Павильоны елдің халал-өнеркәсібінің дамуындағы және ислам жасыл қаржыландыру секторындағы дүние жүзіне танылған жетістіктерін көрсетеді. Малайзияның қаржы институттары шарият қағидаларына негізделген жасыл инновацияны қолдану саласындағы көшбасшы болып саналады», – деді комиссар.

Малайзия Павильоны елдің жасыл болашаққа бағытын 5 негізгі тараулар арқылы көрсетеді. Олар, «Ұлттың күшін нығайту және оны қуаттандыру», «Ұлттық трансформация», «Көріністі ұлғайта келе», «Энергия үйлесімділігі», «Малайзиянын бизнес-орталығы».

«ЭКСПО-2017» көрмесінде Малайзия өкілдігін энергетика, жасыл технология және су ресурстары министрлігі басқарады. Малайзия Павильонының идеясын Малайзияның жасыл технологиялар корпорациясы «Green Tech Malaysia» жүзеге асырған.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика