Мадагаскар Республикасының Ұлттық күні өтті

Бүгін ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында Мадагаскар Республикасының Ұлттық күні өтті.

Шараның ашылу салтанатында Мадагаскар Республикасының жастар ісі және спорт вице-министрі Роберт Рандрианирина сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Айта кетейік, Рандриандирина мырза Мадагаскардың шалғай өңірлеріндегі балаларды қорғау қауымдастығы Кеңесінің мүшесі, экономика, басқару және жаhандандыру салаларында кеңесші болып табылады.

Ұлттық күннің мәдени бағдарламасы аясында сахнада “Tsienimparihy” тобының әртістері өнер көрсетті. Олар Мадагаскардың шекті джеджи вуатува (jejy voatavo) және джембе (djembe) барабаны сынды ұлттық аспаптарында ойнады. Айта кетерлігі, әртістер Орталық Азияда алғаш рет өнер көрсеткен.

Мадагаскар музыкасы өте әуенді және құрлықтық Африканың бірқатар дәстүрлерінен шекті аспаптарды ұрмалы аспаптарға қарағанда жиірек қолдануымен ерекшеленеді. “Tsienimparihy” тобы Африка бойынша өзінің малагисиялық мәдениетін өзінің ерекше музыкасы арқылы танытып, көрермендерді тәнті етті.

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика