«Ұлы дала театры» Европаға аттанбақ

 Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, «Astana Musical» музыкалық театрының көркемдік жетекшісі, «Қазақонцерт» мемлекеттік мекемесінің бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, Мемлекеттік академиялық неміс драма театрының директоры Наталья Дубс айтып өтті, деп хабарлайды Ortcom.kz сайты.

Еуропаның бес астанасында «Ұлы дала театры» экскурсиясы «Astana Musical» музыкалық театры мен Республикалық неміс академиялық театры Қазақстандық өнерді заманауи үлгіде таныстыруға және әлемдік театрлық үдерістерге төтеп беруге мүмкіндік береді. Біздің әртістеріміздің қойылымдары өнеріміздің бәсекеге қабілеттілігін және әлемдік мәдениет саласындағы біздің ұжымымыздың ашықтығын айқын көрсетеді», – деп атап өтті ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.

Біз қазақтың классикалық драматругиясымен, тамыры тереңде жатқан інжу, маржандарымызды, жыраулық, ғұрыптық ән-айтыстарымызды осы Ұлы дала театры арқылы әлемге көрсеткіміз келеді. «Astana Musical» музыкалық театрының құрамында 25 ке дейінгі 60-тан астам қыз-жігіттеріміз бара жатыр. Бұл «Рухани жаңғыру» аясында жасалған ұлттық мәдениетімізді шарықтатуға арналған таптырмас мүмкіндік, деп тоқтала кетті өз сөінде Асхат Маемиров.

Бұл жобадағы тағы бір  айрықша жайт, неміс театрының труппасы еуропалық аудиторияға Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» классикалық шығармасын жаңа, инновациялық нұсқада, неміс тілінде сахналамақ.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика