Әлемнің 2500-ден астам ірі және кіші қалалары “ақылды қала” концепсиясын еңгізуде

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (KAZISS) ұйымдастырған «2018-Жолдаудың стратегиялық міндеттері: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында баспасөз конференция өтті. Шара барысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Слямжар Ахметжаров Қазіргі танда Қазақстанда, әлемдегідей, урбанизация үрдісі байқалатынын тілге тиек етті.

«ҚР ҰЭМ статистика Комитетінің деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 2017 жылдын 1 желтоқсанында қала тұрғындарының саны, шамамен 10 млн. 250 мың адамға таяу, ал ауыл тұрғындарының саны шамамен 7 млн. 670 мың адамға тең. Пайызға шаққанда бұл 57% және 43% құрайды. БҰҰ-ның зерттеулеріне сәйкес 2030-шы қалаларда жер шарының 60% – ға жуық тұрғыны тұратын болады. Сонымен қатар, 2050 жылға қарай болжам бойынша, әлем тұрғындарының 67% қалаларда тұратын болады»,-деді спикер.

Сонымен қатар ол қала тұрғындары санының өсуі – көлік, және коммуналдық қызметтерге салмақ салатынын айтып, оған қңай төтеп беру үшін қандай әлемдік тәжірибелерді қолдану керектігін баяндады.

«Әлемде аталған мәселелерді шешу үшін “ақылды қалалар” концепциясы (Smart City, Electronic City, Safe City) кеңінен таралуда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы барлық қалалық қызметтердің тиімділігін арттыру. Қазіргі уақытта әлемнің 2500-ден астам ірі және кіші қалалары “ақылды қала” концепсиясының әртүрлі компоненттерін белсенді түрде еңгізуде. “Ақылды қалалар” концепциясы “Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта Үкімет Smart Сity жобасын Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Ақтөбе сиякты ірі қалаларда біртіндеп еңгізуді жүзеге асыруда. Қазақстанның басқа қалаларында да Smart Сity жобасын біртіндеп еңгізу қажет»,-деп атап өтті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкері Слямжар Ахметжаров.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика