«Әлем Барысы» халықаралық әлем чемпионаты Астанада өтеді

Елімізде «Әлем Барысы» осымен екінші рет өтеді. Биылғы бәсекенің ерекшелігі – оған дүние жүзіндегі 40 елдің балуаны қатысады. Ал шетелдік спортшыларға Қазақстанның төрт балуаны төтеп бермек.

Бұл туралы бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінде «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев пен «Qazaqstan» РТРК төрағасы Ерлан Қаринның қатысуымен өткен баспасөз конференцияда белгілі болды.

8 қыркүйек күні Астанадағы «Барыс Аренада» түйе балуандар арасындағы әлем чемпионатына елімізден төрт дүркін әлем чемпионы және Қазақстан Барысы жеңімпазы Айбек Нұғымаров, әлем чемпионы және Қазақстан Барысы турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов, Айбат Сейтен және Дәурен Нұралинов. Сонымен қатар, биылғы Қазақстан Барысы жеңімпазы Еламан Ерғалиев пен танымал түйе балуан Ержан Шынкеев қатысады.

-2014 жылы алғашқы турнирге 35 елдің апайтөс балуандары қатысты. Үш жыл бұрын xалықаралық турнир ретінде тұсауы кесілген «Әлем Барысы» бүгінде қазақ күресінен абсолютті әлем чемпионаты деңгейіне өсті, – деп атап өтті Арман Шораев

Жарыстың жүлде қоры 30 миллион теңге. Алтын, күміс және қола белбеулер де қарастырылған. Жанкүйерлер үшін залда сатып алынған билет бойынша Renault Logan автокөлігі ойнатылады.
Сонымен қатар, баспасөз-конференцияға қатысқан «Qazaqstan» РТРК төрағасы Ерлан Қарин.

-Арна ұжымы әлем чемпионатын үнемі қолдайды. Биылғы әлем чемпионатының насихатына шетелдік әріптестеріміз де қызығушылық танытып отыр. Тікелей эфирде «Qazaqstan», «Qazsport» арнасынан өзге, түріктің «TRT Avaz», Ресейдің «Матч! Планета» және «Бокс ТВ» телеарналары көрсетеді,- деді.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика