ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУГЕ ҚАТЫСТЫ 20 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТҮРЛІ ПІКІР БІЛДІРГЕН

Латын әліпбиіне көшу – қазақтың төл дыбыстарын ашуға септігін тигізеді. Бүгін Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов Орталық коммуникациялар қызметінде осылай деді. Оның айтуынша, келесі жылдан бастап осы салада қызмет атқаратын арнайы мамандар дайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын Мемлекет басшысына әліпбидің жаңа нұсқасы таныстырылған болатын. Әліпбидің жобасына қатысты 20 мыңнан астам адам түрлі пікір білдірген. Олардың көпшілігі әліпбиге байланысты, сонымен қатар, жекелеген дыбыстар мен енгізілу ерекшелігіне байланысты болды.
«Біз Елбасына диграфпен кіргенбіз. Ол кісі, ол жерде өзінің ұсынысын айтты және ол ұсыныс өте дұрыс болды. Бізде ондай ұсыныс болған, бірақ біз ортақ мәмілеге келе алмағанбыз. Сол ортақ шешімді Елбасы тауып берді», – деді Ербол Тілешов.

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика