ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚАЖЕТТІ АҚПАРАТТАРДЫ ҚАМТИТЫН ПОРТАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Елімізде латын әліпбиіне көшуге қатысты қажетті әрі пайдалы ақпарат алуға болатын интернет-портал іске қосылмақ,  деп хабарлайды ortcom.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференцияда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов хабарлады. Сөзінше, қазіргі уақытта «Қазлатын» атты интернет-портал ашу жоспарланып отыр. Онда қолданушылар латын әліпбиіне көшуге қатысты барлық жаңалықтарды таба алады.

– Осындай сайттар, порталдар біздің жасап жатқан жұмысымызды жеңілдетеді. Қандай жұмыстар болып жатыр, қандай нәрселер істелу керек, қандай ғылыми шаралар бар, солардың барлығынан хабардар ететін боламыз сіздерді, – деді Ербол Тілешов.

Жаңа әліпби бірер күн бұрын Мемлекет басшысына таныстырылған еді. Ербол Тілешовтың айтуынша, жұмыс тобына елімізге танымал 5 ғалым кірген. Ал, әліпбидің жобасын жасауға атсалысқан мамандарға қосымша қаражан төленбеген.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика