Латвия Республикасының Ұлттық күні аталып өтті

Кеше ЭКСПО Халықаралық көрме аумағында Латвия Республикасының Ұлттық күні аталып өтті. Бұл туралы ЭКСПО медиаорталығы хабарлады.

Мерекелік жиынды Латвия мемлекетінің Президенті Раймондс Вейонис құттықтау сөзімен ашты. Салтанатты шараға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин, «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов  және басқа да  ресми өкілдер мен ЭКСПО қонақтары қатысты.

Өз сөзінде Латвия Республикасының Президенті Раймондс Вейонис ЭКСПО-2017 Көрмесін ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.

«ЭКСПО-2017 Қазақстанның заманауи әлемдегі рөлін тағы бір айшықтады. Латвияның ЭКСПО-ға қатысуы біздің ел үшін маңызды оқиға болып табылады. Бұл халықаралық шара Латвияны әлемге танытқысы келетін және елде қалған барлық біздің кәсіпорындарымыз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады»,- деді Раймондс Вейонис.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин Латвия мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына биыл 25 жыл толатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, екі ел арасындағы транзиттік мүмкіндіктерге де тоқталды.

Ұлттық күн аясында Латвия мемлекетінің көпдауысты музыканттары арнайы концерттік бағдарлама дайындап, ел мәдениетімен таныстырды. Атап айтсақ, джаз стилідегі әнші, музыкант және композитор Интарс Бусулис, танымал квинтент Марис Бриежкалнс пен  аты аңызға айналған маэстро Раймонд Паулс халыққа өз өнерін тарту етті.

Мерекерлік шарадан соң, Латвия Республикасының Президенті Раймондс Вейонис бастаған делегация Қазақстан және Латвия Республикаларының павильондарын аралап көрді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Comments are closed.

Яндекс.Метрика