Конституциялық Кеңестің екіұшты істерді қарауда маңызы жоғары

Егер жергілікті соттарға келіп түскен іс бойынша заңдық нормалар мен конституциялық құқықтар қарама-қайшылыққа ұшыраса, онда сот бұл істі тоқтатып, Конституциялық Кеңестің қарауына жіберуі тиіс. Конституциялық Кеңес мүшелері істің анық-қанығын зерделеп, оңтайлы шешім қабылдайды. Мәселен, 2008 жылы Қостанай қаласының тұрғыны жеке мүлкін алты айдың ішінде өз атына тіркемеген. Заң бойынша көрсетілген мерзім өтіп кеткен жағдайда, мүлік иесі пайдалану құқығынан айырылады. Алайда мүлік иесінің конституциялық құқығы да аяқ асты болмауы керек. Бұл іс Конституциялық Кеңестің талқысына түскеннен кейін жеке мүлік өз иелерінің атына тіркелген. Осы секілді екіұшты мәселелерді реттеуде Конституциялық Кеңестің маңызы жоғары екендігін Конституциялық кеңес мүшесі Үнзила Шапақ атап өтті.

Биыл Конституциялық Кеңеске 190-нан астам өтініш келіп түскен. Оның 22-сі – Мемлекет басшысынан, 78-і – Парламент Палаталары мен олардың депутаттарынан, 27-сі – Премьер-министрден, 68-і – соттардан келген.

Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес мүшесі В. Малиновский Конституцияның адам құқығы мен бостандығының басты кепілі екендігін айтып, конституциялық өзгерістерге тоқталды. Атап айтсақ, құқық қорғау органдарының азаматтарды күдікті ретінде ұстау уақыты қысқарған. Ересектерді соттың санкциясынсыз 48 сағаттан, ал кәмелетке толмағандарды 24 сағаттан артық ұстауға болмайды.

Comments are closed.

Яндекс.Метрика