«Биылғы жыл мал азығы аздау болғанын көрсетті, егістерді көбейту керек. Осыған орай әрбір шаруашылық дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру жоспары жасалып, оның орындалуы қадағаланады. Жеңілдетілген несие беру және инвестициялық субсидиялау арқылы жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құруды ынталандыру көзделген. Осы мақсатта да қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, жайылым айналымдарын енгізу, сақтау, тамырын және үстіңгі бетін жақсарту есебінен жайылымдардың өнімділігін арттыру жоспарланған. Бұл да Жол картасының маңызды бір бағыты болып табылады. Сондай-ақ, астық өндірушілердің ірі тұтынушыларға құрама жем зауыттарында, т.б. кәсіпорындарда жемдік астықтың бір бөлігін  міндетті түрде сату нормасы енгізілмек», - деді министр. 


Шараларды іске асыру мемлекеттік қолдау және ынталандыру шараларымен нығайтылады. Нәтижесінде, бұл мал шаруашылығын дамыту тұрақтылығын арттыруға және осы саланың ауа райының ауытқуларына тәуелділігін барынша төмендетуге әкеледі.  


АШМ мәліметінше, республика бойынша 23,9 млн тонна пішен дайындалды, яғни жоспар 100% орындалды. Сонымен қатар, 1,6 млн тонна пішендеме, 1,4 млн тонна сүрлем, сабан,, құнарландырылған азық дайындау жұмыстары атқарылуда.