«Кеше брифинг барысында прокуратура өкілі хабарлағандай, Алматы қаласы прокуратурасының тексеру нәтижелерін ескере отырып, 71 азаматқа әкімшілік жаза шаралары жеңілдетілді, 91 азамат босатылды. Бұл өте маңызды, өйткені ең бастысы – халықтың әділеттілік пен заңдылыққа деген сенімі. Біз Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктеріне, Бас прокуратураға барлық қабылданған шаралар туралы БАҚ-та толыққанды хабарлау туралы өтініш білдірдік. Соңғы күндері көріп отырғанымыздай, бұл өтініш естілді. Барлық азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын барынша қамтамасыз ету өте маңызды, бірінші кезекте қылмыстық немесе әкімшілік сот төрелігіне іліккен адамдар туралы сөз болып отыр. Шетел азаматтары үшін де осындай ақпарат қажет. Сондықтан шетел азаматтарын ұстау туралы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге дереу хабарлау керек», - деді спикер.   


Тәртіпсіздік болған күндері ақпарат жүйесінің зақымдалуына байланысты, Алматы мен Нұр-Сұлтандағы арнайы мекемелерге бару көрсеткендей, ұсталған азаматтардың көпшілігін идентификациялауда уақытша қиындық туындаған. Сондықтан көбінің туыстары олардың ұсталғаны туралы ақпаратты кеш алды. Мұндай жағдай медициналық мекемелерде де болды.  


«Азаматтар бұл мекемелерге құжаттарсыз түсіп, ең бірінші медициналық көмек көрсету мәселесі туындаған. Туысқандарына хабарлау мүмкін болмады.... Тәртіпсіздіктер басталған алғашқы күндерден бастап ТЖ режимі енгізілгенге дейін ішкі істер органдары тек өлімге әкелмейтін қару-жарақтар қолданылды. Бұл туралы ІІМ және Бас прокуратура бірнеше рет брифингте айтып кетті. Қазіргі уақытта тәртіпсіздіктер кезінде ұстауға байланысты азаматтардың шағымдарына жедел ден қою үшін министрдің нұсқауы бойынша ІІМ барлық аумақтық бөлімшелерінде және орталық аппаратта халықпен үздіксіз жұмыс істейтін мониторингтік топтар құрылды. Осыған орай, бүгін ІІМ телефон арқылы әңгімелесу барысында ІІМ-нің 102 қызметтері мен ведомстволық сайттарында қайғылы оқиғалардың фотосуреті мен бейнематериалдары анонимдік түрде қабылданатыны айтылды. Әрқайсымыз заңдылықты қалпына келтіруге көмектесуіміз керек. Сіздердің өтініштеріңіз бен сигналдарыңыз - бұл болашақта бұзушылықтар мен заңсыздықтардың алдын алуға қосқан үлесіңіз. Заңды және басқа азаматтардың құқықтарын құрметтеу жеке қорғаудың кепілі болып табылады. Біз әділетсіз айыптаулар мен сыннан аулақ болуымыз керек. Біз бірігуіміз және барлық күш-жігерімізді сындарлы арнаға бағыттауымыз керек. Бұл біздің ел және біздің қауіпсіз болашағымыз үшін өте маңызды», - деп түйіндеді Әзімова.