«Бұл ретте сұйытылған газдың бағасы өңірге байланысты бензин бағасынан 2-3 есе арзан. Бүгінде сұйытылған газ көп тұтынылады. Тиісінше, ішкі нарықта сұйытылған газ бойынша тапшылық орын алды. Жаңа зауыт салу бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Маңғыстау облысында 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берілетін қуаты жылына 232 000 тоннаны құрайтын зауыт жобалау сатысында. Нарық субъектілері тарапынан макронарық енгізуге қатысты бірнеше мәселе болды. Бұл министрлік тарапынан дұрыс шешім болды деп есептейміз, өйткені сауда-саттықты бірқатар облыстарға бөлген кезде облыстар арасындағы елеулі айырмашылық байқалды және олардың макронарық көлемінде іріленуі жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз, сондықтан осы тәсілді ұстанамыз», - деп түсіндірді спикер.  


Бұдан басқа, сұйытылған газ саудасын 2022 жылдан бастап биржаға толығымен көшіру көзделген. Бұл ішкі нарыққа мұнай газын жеткізу жоспарларын қалыптастыру қағидаларында қарастырылған. Әсет Мағауов макро нарықтарды осы іс-шараға дайындық кезеңдерінің бірі деп атады.