«Еліміздің тұтынушылары үшін тиеу жоспары 384 мың тоннаға артып, өткен жылмен салыстырғанда 274 мың тоннаға ұлғайды. Жүк тиеу шамамен 5,5 млн тоннаны құрады. Оның ішінде елдің жылу орталықтарына – 4,5 млн тонна, бұл өткен жылдың жоспарымен салыстырғанда 113%-ға артық, елдің коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 990 мың тонна тиелді. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 64 мыңнан астам ашық вагон жұмыс істейді. Оның 35 мыңы немесе 55%-ы көмір тасымалдауға тартылған. Оның ішінде «Қазтеміртранс» АҚ меншік паркінде - 21 мың ашық вагон, оның ішінде көмірге – 13 мың, ҚР басқа меншік иелері - 24 мың ашық вагон және 14 мың ашық вагон - басқа мемлекеттерге тиесілілі. Яғни, паркте аталған кезеңде қажетті көмір көлемін тасымалдауды қанағаттандыру үшін жартылай ашық вагондар саны жеткілікті. Бұл ретте, болжамдарға және көмір тиеудің маусымдылығына сәйкес, тасымалдардың орташа көлемі 4 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін, оған «Қазтеміртранс» АҚ-ның шамамен 17 мың вагоны қажет болады», - деді спикер. 


Сонымен қатар, ол барлық ағымдағы мәселелер жедел түрде талқыланып, шешіліп жатқанын жеткізді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппаратының жанында көмір тасымалдау жөніндегі штаб, ал жол бөлімшелерінде - жедел топтар жұмыс істейді. Жүк жөнелтушілермен бірлесіп туындаған барлық мәселелер шешіледі, вагондардың жүк операцияларымен тұрып қалуын қысқарту мен айналымның орындалуын бақылайды