Ол биржалық сауда-саттықтың бұл схемасы халықты «арзан»/ «қолжетімді» коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету мақсатында, баға белгілеу схемасына өнімсіз делдалдардың қатысуынсыз енгізілгенін атап өтті. 

«Бұрын көмір өндіруші компанияның маусым шарықтаған кезде қысқа мерзім ішінде бірреттік сауда шеңберінде көп көлемде биржада жылдық көлемге түгелдей келісімшарт жасап келген. Нәтижесінде көтерме саудагерлерге жүгінуге мәжбүр болған басқа компаниялардың ресурстарына қолжетімділік шектеулі болды. Бүгінгі күні өндірілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірдің барлық көлемінің 10% шағын партиялармен сатылуы ҚР сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 тамыздағы бұйрығымен заңнамалық түрде бекітілді. Атап айтқанда, өңірлік операторларға тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 10% - ын белгілеу бөлігінде биржалық тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізілді. Көмір разрездерінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында тауар биржасындағы сауда-саттыққа 511 мың тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір шығарылады. Яғни, жыл соңына қарай олар келесі жылыту маусымына биржада 511 мың тонна көмір сататын болады. Бұл разрез арқылы өндірілетін көлемнің 10% құрайды. Бүгінгі таңда 476 мыңға жуық сауда-саттыққа шығарылды. Бұл ретте 200 мыңнан астам тонна сатылды», - деді спикер. 


Оның ішінде, «Қаражирада» шамамен 80 мың тонна; «Шұбаркөлде» – 120 мың тонна, «Богатырь Көмірде» - 3,5 мың тонна. 


Коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатып алушылар ретінде еліміздің 11 өңірінен 40 өңірлік көмір операторлары қатысты. Осылайша, жаңа ойыншылар пайда болып, аймақтық операторлар арасында бәсекелестік артты.