Оның айтуынша, бұған шаруалар бірқатар бағыт бойынша негізгі ресурстармен толық көлемде қамтамасыз етілуі септігін тигізді:  жанар-жағар май, техника, тұқым, тыңайтқыш уақытылы дайындалды.  


«Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін астық жинау комбайндарының паркі жеткілікті. Жаңару қарқыны жылдан жылға артып келеді. Ағымдағы жылдың 6 айында «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша аграршылар 83 млрд теңге сомасына 4,5 мың бірлік техника сатып алды, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңінде сатып алу көлемінен 2 есе көп. Отандық техниканы субсидиялаудың жаңа бағдарламалары есебінен жаңа техника сатып алу көрсеткішінің өсуіне қол жеткізілді. Бұрын инвестициялық субсидия 25% болатын, себебі машина құралдары мен металл қымбаттап, инвестициялық субсидия 30% - ға дейін көтерілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 400 мың тонна кепілдендірілген және арзандатылған жанар-жағар май бөлінді. Шілде айынан бастап АШТӨ кестеге сәйкес дизель отынын алды, қыркүйек айында жеткізілімдер бойынша іркілістер болғанын мойындау керек. Бүгінгі таңда мәселе шешілді. Жөнелту кестеге сәйкес жүргізілуде. Егінге келетін болсақ, ағымдағы жылы егіс алқабы 23 млн га құрады, бұл былтырғы алаңнан 322 мың га артық. Жедел деректерге сәйкес, бүгінгі күні республика бойынша 15,5 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды немесе 97,9%. Орташа өнімділік 9,7 ц/га құрайды, 15 млн тонна астық бастырылды, оның ішінде 11,7 млн тонна бидай. Сондай-ақ, қазіргі уақытта көкөніс, картоп, бақша, майлы дақылдар мен мақта жинау жүргізілуде», - деді ведомство өкілі. 


Жалпы, ауа райы-климаттық жағдайлар мүмкіндік берсе, Қазақстан бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау жұмыстары келесі аптада аяқталуы тиіс.