Оның айтуынша, бөлім қолбасшылығымен әскери қызметшілердің тамақтану сапасы мен толықтығына тұрақты бақылау жүргізіледі. 


Қарулы күштер құрылғалы азық-түлік мөлшерінің нормалары өнімдердің ассортиментін жақсарту мақсатында үш рет өзгерді - 2000, 2005, 2015 жылдары. 


«Биыл Жоғарғы Бас Қолбасшының қолдауымен барлық азық-түлік өлшемдерінің құны орта есеппен 40%-ға өсті. Мысалы, жалпыәскери үлес бағасы 1225 теңгеден 1713 теңгеге дейін өсті, бұл тамақтану сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда әскери қызметшінің рационында 48-ден 61-ге дейін азық-түлік атауы бар, ассортиментіне сиыр еті, құс және балық еті, ірімшік, шұжық және сүзбе, қаймақ, жеміс пен табиғи шырындар, дәрумендер қоспалары, гематоген және басқа да өнімдер кіреді. Тамақтану академиясымен бірлесіп жылқы еті, қой еті, қаз, үйрек және балықтың түрлерін қосу, сол арқылы тағам ассортиментін түрлендіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап тұрақты жауынгерлік әзірліктегі әскери бөлімдерде мемлекет есебінен взвод командирінен рота командиріне дейінгі офицерлер құрамы және келісімшарт бойынша барлық әскери қызметшілер тегін түскі аспен қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті спикер.


ХҚКО-да қызметтерді бағалау аналогы бойынша, барлық тамақтану залдарында дайындалған тағамның сапасын бағалаудың планшеттік жүйесі енгізіледі. Алдағы үш жылда барлық сарбаздардың асханаларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, цехтар заманауи технологиялық жабдықтармен толтырылатын болады.