«Балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін біз олардың скринингтік зерттеулерін жалғастырамыз. 2020 жылы скринингпен 4,4 млн бала қамтылды, оларда 400 мыңға жуық ауру анықталды, оның ішінде 151 мыңнан астам адам есепке алынды», - деді А. Цой.


Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі балалар кардиохирургиялық қызметін дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Соңғы 3 жылда балаларға 6 920 кардиохирургиялық ота жасалды. 2020 жылы ашық жүрекке 1 627 ота, 426 эндоваскулярлық ота жасалды. Сондай-ақ, балалар онкологиялық қызметін дамыту жалғасуда. 5 жыл ішінде сүйек кемігін 210 трансплантациялау жүргізілді, қатерлі ісіктері бар балалардың жалпы өмір сүру деңгейі қазіргі уақытта 74% құрайды.