Оның айтуынша, КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеу үшін 14 аурухана тартылған, олардың төсек сыйымдылығы 1889 төсек-орын. Бүгінгі күні 985 науқас ауруханаларда ем қабылдап жатыр, оның ішінде коронавирус 901 адамда расталған, 84 науқас пневмониямен емделіп жатыр. Жан сақтау бөлімінде 95 адам, оның 21-і өкпені жасанды желдету апаратына қосылған, 4 мыңға жуық адам үйде ем қабылдауда. 


Спикер вакцинаның вирустан қорғанудың жалғыз жолы болып қала беретінін тағы да еске салды. Осыған байланысты ведомство коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияға жазылғысы келетін қала тұрғындары үшін нақты іс-қимыл алгоритмін әзірледі.


«Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алам деушілер, өтінімді екі жолмен қалдыра алады. EGov порталында «Вакцинацияға тіркелу» қызметі бар. Қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарға өздеріңе ыңғайлы аймақ пен медициналық ұйымды таңдау арқылы вакцинацияға жазылуға мүмкіндік бередіОлардың тізімі ресурстарды басқарудың ақпараттық жүйесінде күйге келтірілген. EGov-қа берілген өтініш дәрігердің жеке кабинетінің «Вакцинация» модуліне түседі. Ол арқылы дәрігер өтінімдерді қарастырады», - деді басқарма басшысы.


Сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен вакцинация жасайтын медициналық ұйымдардың ресми сайтарында белгіленген call -орталықтардың нөмірлеріне хабарласа отырып, жазылуға болады.


«Келіп түскен өтініштер негізінде вакцинацияға кіретін адамдардың тізімдері құрылып, пациенттер туралы мәліметтер тіркелген халық регистріне сәйкес eGov-қа енгізіледі. Вакцинация күні мен уақыты әлеуметтік қашықтықты ескере отырып белгіленеді. Учаскілік дәрігер пациентті вакцинация кестесіне енгізген сәттен бастап оның жеке нөміріне вакцинацияның күні, уақыты мен орнын көрсететін SMS хабарлама жіберіледі», - деді ведомство басшысы. 


Вакцинациядан кейін науқас 30 минут дәрігердің бақылауында болады, содан кейін дәрігер қоңырау шалу арқылы денсаулық жағдайын бақылап тұрады.