Құрметті журналистер!

Сіздерге 2021 жылғы 29 қыркүйектен бастап ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 02.09.2021ж. №38 қаулысының (17.09.2021 ж. жағдай бойынша) негізінде ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз орталығының жұмысын офлайн режимде қайта бастайтынын хабарлаймыз.

Осыған байланысты, Сіздерден ОКҚ баспасөз конференцияларына офлайн режимде қатысу үшін қажетті қысқа талаптармен танысуларыңызды сұраймыз:

1. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС ғимаратына кіргенде (27.08.2021 ж. №07-03/230 КМО бұйрығына сәйкес) келесі құжаттар болуы қажет:

  • «ASHYQ» қосымшасындағы жасыл мәртебе
  • немесе COVID-19 қарсы вакцинация паспорты;
  • немесе медициналық қарсы көрсетілімдер мен соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырғаны туралы құжат;
  • немесе іс-шара басталғанға дейін 72 сағат бұрын тапсырылған ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі (анықтама);
  • жеке куәліктің түпнұсқасының болуы міндетті;
  • Орталық коммуникациялар қызметінің 2021 жылға арналған аккредиттеуі (Аккредиттелген БАҚ-тың қолданыстағы дерекқорына сәйкес).

2. ОКҚ баспасөз орталығына офлайн жіберу:

  • ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, баспасөз конференциясында санитарлық нормаларды сақтау үшін журналистер мен операторларды қоса алғанда, жіберілетін адамдар саны 15-тен аспайды (ҚР БСД қаулысының нормативтеріне сәйкес);
  • баспасөз орталығына жіберілетін журналистер тізімін қалыптастыру әрбір іс-шараға «Брифинг ОКҚ/СЦК» WhatsApp чатында өтінім берген алғашқы 15 адам қағидаты бойынша жүзеге асырылады (1 корреспондент пен 1 оператордан артық адам тіркелмейді);
  • Жіберілетін журналистер тізімін Орталық коммуникациялар қызметі (баспасөз конференцияларына анонсты жариялағаннан кейін) ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету негізінде қалыптастырады («БАҚ туралы Заң», 18-бап, 2-т.);
  • баспасөз орталығында болған уақыт ішінде міндетті түрде медициналық маска тағу.

3. «Сұрақ-жауап» сессиясына кезек қалыптастыру:

  • сұрақтарды ZOOM бейнеконференцбайланыс арқылы офлайн және онлайн түрде қоюға болады;
  • кезек қалыптастыруды ОКҚ БАҚ чатында белгіленген кезек қағидатын ескере отырып, қатысып отырған журналист, ZOOM, модератор кезегімен қамтамасыз етіледі;
  • сұрақтар саны – 2 аспауы тиіс.
  • Нысанға мына адамдар жіберілмейді:
  • COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбағандар, COVID-19 расталған адамдармен байланыста болғандар;
  • жіті респираторлық аурулар белгілері бар тұлғалар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі);
  • нысанға маскасыз кіру.

 

Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз.