1. Емтиханды өткізу мерзімдері оңтайландырылды.

Кандидаттар бұрын кезектеп 1) психологиялық бағалау, 2) заңнаманы білу тестісі, 3) эссе жазу мен кейстерді шешу, және 4) біліктілік комиссиясымен әңгімелесуден өтетін.
Психолог мамандар барлық үміткерлерді, яғни теорияны тапсыруға дайын еместерін де көрсетілген кезекпен жан-жақты талдауға мәжбүр болатын.
Мысалы, 2021 жылы 50 күн барысында психолог мамандар 256 үміткерге егжей-тегжейлі бағалау өткізген болатын, алайда осы кезеңнен  кейін компьютерлік тестілеуді тек үміткерлердің 32% ғана сәтті тапсырды.
Енді үміткер психологиялық бағалауға компьютерлік тестілеу,  эссе жазу мен кейс шешу кезеңдерін сәтті тапсырғаннан кейін ғана өтуге рұқсат алады.
Заңнаманы білетінін дәлелдеген үміткерлердің ғана  психологиялық бағалауға өтуі нәтижесінде біліктілік емтиханын өткізуді 20 күнге тездетеді, әрі психологтардың жұмыс тиімділігін арттырады.
Дегенмен, бұл кезең міндетті болып қалады және одан өте алмаған азаматтар судья лауазымына үміткер бола алмайды.
 

2. Біліктілік емтиханының тестілеу жүйесі бірыңғайландырылды.

Бұрын үміткердің тестілеу кезінде тапсыратын заңдар саны оның жұмыс тәжірибесіне байланысты болды.
Үміткерлердің жұмыс тәжірибесі 10 жылдан кем болса 11 заң саласы, ал 10 жылдан артық тәжірибемен 8 заң саласы бойынша тапсыратын.  
Тек жұмыс тәжірибесінің ұзақтығына байланысты дифференциалау үміткерлердің жұмысының күрделілігін және сапасын ескермеді.
Енді жұмыс өтілінің ұзақтығына қарамастан, барлық үміткерлер 2 таңдау және 7 міндетті нормативтік құқықтық акт бойынша тест тапсырады.

 

3. Кейстерді шешудің де жаңа ережелері енгізілуде. Осы жылдан бастап үміткерлерге кейстерді шешу кезінде заң актілерін пайдалану мүмкіндігі беріледі. Бұрын оларды қолдануға тыйым салынған болатын. Бұл судья лауазымына үміткердің заңнама мәтінін қолдана алу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

 

4. Сот жүйесіне қоғам сенімін арттыру мақсатында компьютерлік тестілеу, эссе жазу және кейс шешу кезеңдерінің видеосы Жоғары Сот Кеңесінің сайтында орналастырылатын болады (видеоға сілтеме).

 

5. Біліктілік емтиханына ұсынылатын құжаттар саны да қысқартылды. Атап айтқанда, үміткерлерді басшылығының тәуелділігіне қоя алатын қызметтік мінездеме алу қажеттілігі алынып тасталды.