«21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін! Бүгін тиісті министрлікке «Қазақстанның халық артисі» құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бердім.», - деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бірқатар мәдениет қайраткерлеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын берді.