1. Бас прокуратура, ІІМ, ҰҚК және басқа да құзырлы органдар өкілдерін қатыстыра отырып, болған оқиғаның себептерін анықтау, кінәлілердің бәрін тауып, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде арнаулы тергеу тобын құру;

2. Қарулы Күштерге, ҰҚК, ІІМ, Ұлттық ұлан және басқа да күштік құрылымдарға әскери дайындығын күшейту және жабдықтау шараларын қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің моральдық рухын қолдау;

3. Өңірлердің әкімдеріне қаза болған полиция қызметкерлері мен Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің отбасыларына лайықты материалдық көмек көрсету;

4. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қылмыстық топтардың іс-әрекеттері салдарынан зардап шеккендер мен із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы ақпаратты халыққа ұсыну үшін 1414 call-орталығының базасында тікелей желі ұйымдастыру;

5. Тәртіпсіздік салдарынан келтірілген шығын көлемін анықтау жөнінде комиссия құру; жағдай тұрақталғаннан кейін Алматы қаласы мен басқа да өңірлердегі әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына кірісу;

6.  Әкімдерге коммуналдық қызмет түрлерінің, қоғамдық көлік пен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жұмысын тұрақтандыру;

7. Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде қылмыстық іс-әрекеттерден зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне  мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдау;

8. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жағдай тұрақталғаннан кейін екінші деңгейлі банктер мен өзге де қаржы ұйымдарының тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

9. Дипломатиялық өкілдіктерді, сондай-ақ шетелдік инвестициялар мен шетелдік компаниялар бизнесінің субъектілерін қорғау шараларын қабылдау;

10. ҚР Сыртқы істер министрлігіне шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен  және басқа да серіктестермен арадағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелері бойынша тұрақты байланысты қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.