Сонымен қатар алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа жолдарын іздеп тауып жатыр. Қазір, негізінен, шетелдік нөмірлерден және WhatsАpp мессенджерінде қоңырау шалу арқылы жасалған алаяқтықтар тіркелуде. Осылайша, ағымдағы жылы 1 мыңға жуық қылмыс жасалды.
«Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін азаматтарды ақшаны шоттан немесе депозиттен қауіпсіз шотына аударуға көндіреді, ол кейіннен ұрланған ақшаны одан әрі аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады. Сондай-ақ, алаяқтардың сеніміне кірген азаматтар өз еріктерімен несие рәсімдейді немесе олардың айтуымен телефондарына қашықтан қол жеткізу үшін қосымшалар орнатып, банктерден келіп түскен СМС-хабарлама кодтарын хабарлайды. Осылайша, азаматтардың өздері банктер қолданатын барлық қауіпсіздік шараларын айналып өтеді», – деді ведомство өкілі.
Кейбір жағдайда алаяқтар қолда бар мүлікті - пәтер, автокөліктерін кепілге қояды немесе сатады, ал түскен ақша алаяқтардың шоттарына аударылады. Спикер банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан дербес деректерді хабарлауды сұрамайтынын және телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін ескертті.
«Министрлік осындай қылмыстарды алдын алуға және ашуға бағытталған шаралар қабылдауда. Банктермен бірлесіп азаматтардың шоттарының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз кредиттерді ресімдеудің жолын кесу, оның ішінде полициямен жедел өзара іс-қимыл бойынша қосымша шаралар іске асырылуда»,-деді Ж.Сүйінбай.
Байланыс операторларымен фрод-қоңырауларға қарсы іс-қимыл туралы меморандумдар жасалды. «Колеса», «Крыша» хабарландыру сайттарымен және ЦАРКА IT-компаниясымен осындай келісімдерге қол қойылды.