19.10.2021 _ 14:00

«Qazaqstan Project Management Awards-2020» IPMA дүниежүзілік байқауының «Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша алтын жүлде иеленді

Өткен жылы күзде өткізілген мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті жетілдіру жөніндегі бірінші ұлттық конкурс пен Форум жобалық тәсілді қолдануды ынталандыру тәсілдерінің бірі және тәжірибе алмасу үшін жарыс алаңына айналып, бірқатар орталық және жергілікті атқарушы органдардың жобалық қызметінің белгілі бір кемелдігін көрсетті. Оларды өткізу жобалық басқару саласындағы халықаралық ұйымдар тарапынан оң пікірлермен атап өтілді. Атап айтқанда, жобаларды басқарудың халықаралық қауымдастығы (IPMA) бірінші ұлттық конкурс пен «Qazaqstan Project Management Awards – 2020» форумын өткізу бойынша жобаны 2021 жылдың мамыр айында IPMA «Global Project Excellence Awards» үздік жобаларының Дүниежүзілік конкурсына шығаруды ұсынды. «Qazaqstan Project Management Awards 2020» жобасының жетекшісі Марғұлан Жұмағалидің айтуынша, мұндай ұсыныс халықаралық сарапшылар қауымдастығының жоғары бағасын көрсетеді.

 
Спикер дүниежүзілік байқауы жоба менеджерлері мен жобаларын ұсынып, марапаттайды, сондай-ақ, жобаларды басқару саласындағы жоғары жетістіктерді атап өтеді. Бұл жаһандық тану жоба менеджерлерін, жобалар мен жобаларды басқаруда үлгілі нәтижелерге қол жеткізген ұйымдарды қолдайды. Халықаралық конкурсқа қатысу тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді және мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық тәсілді енгізу процесінің бенчмаркингі болып табылады, сондай-ақ халықаралық сарапшылық ортада Қазақстанның имиджін арттырады. Байқауға әлемнің 75 елінен жобалар қатысты. Халықаралық асессорлар мен қазылар алқасының бағалауының қорытындысы бойынша қазақстандық «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS – 2020» жобасы дүниежүзілік конкурста «Жылдың үздік жобасы» номинациясында алтын жүлде иеленді.   

 
«Дүниежүзілік байқаудың қазылар алқасы қазақстандық жоба мүдделі тараптардың кең ауқымын қамтығанын, түрлі қатысушыларды тартқанын, жобаны басқарудың нақты, айқын, дәл және бейімделетін әдістерін қолданғанын, жобаны іске асыру кезеңінде елеулі қиындықтарды (COVID-пен, қысқа мерзімдермен және ең төменгі бюджетпен байланысты шектеулер) еңсергенін және сол арқылы әлемдік деңгейде осындай жобаларды өткізудің ең үздік үлгісі болып табылатынын ерекше атап өтті», - деп түйіндеді сөзін спикер.

 
Осы кіші санатта сәйкесінше Оңтүстік Африка Республикасы мен Италия елдерінің жобалары күміс және қола жүлдегерлер атанды.