20.04.2024 _ 16:42

СҚО су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатыр

СҚО-да  жағдай әлі де күрделі. Қызылжар ауданының елді мекендері мен Петропавл қаласында су тасқынының алқашқы толқыны аяқталды. Алайда Сергеев су қоймасында судың толуы 166 % -ға тең. Су бөгет шыңынан 3 метр 48 см-ге асты. Себебі бұл жерге су тасқынының екінші толқыны келе жатыр. СҚО ақпараттық-талдау тобының бас маманы Жазира Қожахметова  ОКҚ алаңында осылай деді.

Петропавл мен Қызылжар ауданынан көшірілген адамдар эвакопунктерге орналастырылды. Қаладағы университет пен 4 колледждің жатақханалары эвакопункт ретінде жұмыс істейді. 

«700-ден астам адам өз үйлеріне қайтты. Олардың 200-і – балалар. Қазіргі сәтте 13 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Жұмылдырылған күштер түрлі шаралар ұйымдастырып жатыр. Халықты, жануарларды құтқару бойынша шаралар қолданылып жатыр. Су тасқынының екінші толқынын қарсы алуға түрлі шаралар атқарылып жатыр»,-деді спикер.