03.12.2021 _ 14:15

Елорда толығымен газдандырылады - Алтай Көлгінов

Газдандыру Елбасының бес әлеуметтік бастамасында бесінші бағытта бекітілген. Газдандыру жұмыстары 2019 жылы басталып, жалғасын табуда. Жоба үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең аяқталды. Екінші кезең қолға алынды. Ал үшінші кезең 2023 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай көлгінов хабарлады.
иллюстративное фото с сайта kapital.kz

«Бүгінгі таңда 650 км инженерлік желі тартылды. Оның басым бөлігі Алматы және Сарыарқа аудандарында орналасқан. Бұл аудандарға газ толық жеткізілді. Қазіргі уақытта әр үйге газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ЖЭО-1, ЖЭО-2-де 13 су жылыту қазандығы газға көшірілді», - деді елорда басшысы. 


Қазіргі уақытта қалада 1,5 мыңнан астам отбасы газбен қамтылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 2,5 мыңға дейін жеткізілмек.