12.10.2021 _ 13:40

Баға ахуалының тұрақтануына қарай бағалар дәліз шегі тарылуы мүмкін - ҚР ЭМ

2021 жылы дизель отынын өндіру жоспары 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш болып табылады және 4,9 млн тоннаны құрайды. Сонымен қатар, биыл Атырау МӨЗ-інің жыл басында жоспардан тыс тоқталыуы өндіріске әсер етті. Демек, отын 239 мың тоннаға аз болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.

Ол журналистермен өткен кездесулерде атап өткендей, ағымдағы жылы дизель отыны өте көп тұтынылған - тамыз және қыркүйек айларында шамамен 520 мың тонна. Бұған Қазақстанның ішкі нарығындағы төмен бағалар да септігін тигізді. Қорлар тез таусылды. Ал шығынға батып, импорт әкелінген жоқ. Нәтижесінде қорда 200 мың тонна дизель отыны және 26 мың тонна тасымал отыны қалды.  

«9 айда дизель отынының орташа бағасы 188 теңге/литрді құрады. Соңғы уақытта бағаның өсуі өте маңызды болды: литріне 208 теңгеден 330 теңгеге дейін. Айта кетейік, 2019 жылы орташа баға жоғары болды және 193 теңге/литрге тең болды, 2020 жылы да осы баға болды. Бұл ретте, 2019-2020 жылдары қысқы дизель отынының бағасы 255-270 теңге/литр арасында болды. Отынды жеткізу жағдайының тұрақтануына қарай, баға да тұрақтанады деп ойлаймыз», - деді ведомство өкілі.