28.09.2021 _ 15:50

Өндірушілерден тауар биржалары арқылы тікелей сатып алынған көмір бағасы өткен жылу беру маусымындағы бағалар деңгейінде - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

2021 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында «Богатырь Көмір», «Кузнецкий разрезі», «SAT Komir» тау-кен компаниясы коммуналдық-тұрмыстық көмірімен биржалық сауда-саттық өткізу жоспарланған. Сауда-саттық кестесін тауар биржасының сайтында немесе монополияға қарсы агенттіктің ресми телеграмм-арнасында табуға болады. Биыл күзде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің болжамды құнын анықтау үшін ведомство талдау жүргізді.

 
Олардың қорытындыларымен ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Самбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде бөлісті. 

«Бұл талдау жекелеген шығыстардың, атап айтқанда тасымалдауға, тауар биржалары арқылы өндірушілерден тікелей сатып алынған 2021-2022 жж. жылыту маусымындағы көмір бағасының өсуіне қарамастан, өткен 2020-2021 жж. жылыту маусымындағы бағалар деңгейінде екенін көрсетті», - деді спикер. 


Ол сондай-ақ әкімдіктерге бөлшек сауда бағаларына қатысты жағдайды бақылау және негізсіз өсуге жол бермеу ұсынылғанын жеткізді.