28.09.2021 _ 12:20

Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар балалар кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегін сақтай алады

Мүгедек балалары бар отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылдан артық тұрады. Егер олар бала 18 жасқа толғанға дейін баспана ала алмаса, онда мүгедек бала ересек мүгедек ретінде кезекке қайта тұруға мәжбүр болған. Мүгедектіктің 1-ші немесе 2-ші тобын алған жағдайда ғана олар қайтадан кезекке қойылып келді. 3-топ тағайындалған жағдайда олар тұрғын үй алу құқығынан айырылды. Мұндай әділетсіздік заңмен қайта қаралды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов мәлімдеді.


«Енді олардың кәмелеттік жасқа толғаннан кейін тұрғын үй алуға кезекте тұру құқығы сақталатын болады. Норма 20 мыңнан астам отбасына баспана кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжануда. Бұдан басқа, заңда Үкіметке мүгедектің қажеттіліктерін бағалау тәртібін бекіту бойынша өкілеттіктер беру; Еңбек министрлігінің ОТҚ жіктеуішін бекіту бойынша құзыретін кеңейту; 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күту кезеңіндегі еңбек өтіліне есепке алу сияқты тағы 14 тұжырымдамалық өзгеріс көзделген және қолдау көрсетілген; әлеуметтік қызметтер порталына аудару мыңға жуық ұйым көрсететін арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну. Бұған қоса, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі мен атаулылығын арттыруға бағытталған өзге де нормалар енгізілді», - деп хабарлады спикер. 


Жалпы, барлық нормалар қолдау тапты. Сонымен қатар, биыл маусым айында мүгедек адамдардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға тікелей және жанама бағытталған екі заң мақұлданып, қабылданды. Бұл «Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы» Заң және «Инклюзивті білім беру туралы» Заң.